Деректерді жүктеу...
МҮЛІКТІК ЖАЛДАУ (ЖАЛДАУ) ШАРТТАРЫНЫҢ ТІЗІЛІМІ)
Анықтама
Деректерді жүктеу...
Осы бөлім Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларға сәйкес баспа бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру үшін тендерін өткізу туралы ақпараттық хабарламаларын қарау үшін арналған.
Бұдан басқа, мемлекеттік мүлікті жалдаушылар олармен жасалған жалдау шарттары бойынша ақпаратын, атап айтқанда шарттың талаптарын, осындай шарт бойынша есептеулерін, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдерін қарай алады.
Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген электрондық цифрлық қол таңбасы бар болуы кезінде мемлекеттік мүлікті жалдаушыларға (мемлекеттік уәкілетті органдардың қызметкерлеріне)мемлекеттік мүлікті жалдау шарттары бойынша дерекқорына қолжетімділік беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамға берілген мемлекеттік уәкілетті органның жазбаша өтінімі (өтінімнің бланкісін көшіріп алу) негізінде дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз ету іске асырылады.

Generated in 91ms